Бұл туралы бүгін облыстық Ішкі істер департаменті мемлекеттік тіл және ақпарат басқармасының бастығы Жанатай Сембеков мәлім етті.
«Біздің әріптестеріміз қызметін өтеу кезінде ерлікпен қаза тапты. Таразда болған қанды оқиға қайталанбауы керек. Біз барлығының қайғыларына ортақтаспыз. Біз бір күндік еңбекақымызды қаза тапқан полиция қызметкерлерінің отбасына көмек ретінде аударамыз», - деді Ж.Сембеков.