Концерттік кештің міндеті - мектеп-студия қабырғасында өнерге тәрбиеленіп келген өнерпаздардың 1 жыл ішіндегі шығармашылығын дәріптеу.
Жалпы дәстүрлі ән мен эстрадалық вокал бойынша кәсіби музыкалық тұрғыда білім беретін «Қарақат» мектеп-студиясының 40-қа жуық шәкірттері бар. Дәстүрлі ән класы, эстрадамен ән салу класы және домбыра, жетіген аспаптары кластарынан білім алып отырған өнерпаздар сахна төрінде дәулескер күйші бабаларымызбен және аттары аңызға айналған сал-серілердің туындыларын көрермен назарына ұсынатын болады.
«Қарақат» мектеп-студиясының мақсаты- жас ұрпақты ұлттық өнер рухында тәрбиелеу арқылы ұлт өнеріне деген құрметін және қызығушылығын ояту.