Қарақшылар гректердің супертанкерін босатты

АСТАНА. Қаңтардың 18-і. ҚазАқпарат - Сомалилік қарақшылар бортына 275 мың тонна мұнай тиелген Maran Centaurus грек супертанкерін босатты. Бұл жөнінде Грекияның жағалаудағы күзет өкілі мәлім етті. Ол қанша төлем төленгені туралы түсінік беруден бас тартты,

деп хабарлайды ҚазАқпарат РИА «Новости» агенттігіне сілтеме жасап.

Кемені қарақшылар өткен жылғы қарашаның 29-ында Сейшель аралдарынан 800 шақырым қашықтықта басып алған болатын.