Қарақшылар қару-жарақ тиелген кемені басып алды

АСТАНА. Қарашаның 12-сі. ҚазАқпарат - Қарақшылар панамалық қару-жарақ тиелген кемені басып алды және оны босату үшін 3 млн АҚШ долларын талап етуде,

деп хабарлайды ҚазАқпарат Утро. Ру сайтына сілтеме жасап.

«Әл-Шабаб» исламистік қозғалысы кемені босату үшін ірі күштерді жіберді.

Кеменің операторы жүктердің кең сұранысқа ие тауарлардан, оның ішінде электроникадан тұратынын мәлім етті. Жүк кемесінің экипажы 18 адамнан тұрады - олар Үндістанның, Пәкістанның және Сомалидің азаматтары.