Қарақшылық жасағаны үшін 19 жасар екі павлодарлық азамат бес жылға сотталды

ВЛОДАР. 22 қазан. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ - Сот өкімімен бір топ болып, қарақшылық шабуыл жасағаны үшін 19 жасар екі павлодарлық азамат ҚР Қылмыстық кодексінің 179 бабы 2 тармағы «а» тармақшасы бойынша кінәлі деп танылып,

әрқайсы мүлкін тәркілеумен бес жылға бас бостандықтарынан айырылды. Бұл туралы Павлодар прокуратурасынан хабарлады.

Осы жылдың маусым айында осы екі жігіт жеке басы анықталмаған тағы екі адаммен бірге мектеп бітірген екі түлектен жалпы құны 50 мың теңге тұратын ұялы телефон, бас киім және жеті мың теңге тартып әкеткен.

Соққыға жығылған балалардың бірі он күн бойы жан сақтау бөлімінде жатып, кейде-кейде есінен адасып қалған. Қайтадан сөйлеп, жүруді үйренген.