Бұл туралы бүгін ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев ҚР Парламенті палаталарының бірлескен отырысында Қазақстан халқына арналған жыл сайынғы дәстүрлі Жолдауында мәлім етті.
«Жылына 5 млрд. текше метр қуаттылығы бар Қарашығанақ кен орнында газ өңдеу зауытын жобалауды аяқтап, оның құрылысына кірісу қажет», - деп тапсырды Мемлекет басшысы.
Мұнымен қоса, Елбасы құны 6,3 млрд. АҚШ доллары көлеміндегі Атырау газ-химиялық кешеннің жобалық қуатын енгізуді қамтамасыз етуді атап өтті.
Сонымен қатар Президент Үкіметке еліміздің орталық өңірін, оның ішінде Астананы газбен қамтасыз ету тұрғысында газ құбыры жүйесін жобалап, жүзеге асыруды тапсырды.