Қарасу ауданы әкімінің орынбасары тұтқындалды

ҚОСТАНАЙ. 16 қараша. ҚазАқпарат /Петр Плахотников/ - Пара алды деген күдікпен Қарасу ауданы әкімінің орынбасары Нұрбол Әбдірахманов тұтқындалды.

Қостанай облысы бойынша Қаржы полициясы Тергеу басқармасының бастығы Болат Бурунчиннің айтуынша, шенеунік Қарасу ауданының Челгаши ауылындағы бұрынғы балалар бақшасының ғимаратын бұзғаны үшін жеке кәсіпкерден 100 мың теңге көлемінде пара алған. Күдікті ізі суымай, оқиға орнында 9 қараша күні ұсталып, келесі күні оған қатысты қылмыстық іс қозғалды. 12 қарашада сот Н.Әбдірахмановты тұтқындауға санкция берді.

Тергеу жүріп жатыр.