Қаратабандағы 8 мың құрылысшыны қысқартуға байланысты проблема басшылардың бақылауында - Атырау облысының әкімі

АТЫРАУ. Тамыздың 27-сі. ҚазАқпарат /Андрей Соколов/ - Үстіміздегі жылдың аяғына дейін Қаратабан кентіндегі «Болашақ» мұнайын тазартуға арналған құрылғының құрылысына қатысып жүрген «Аджип ККО» компаниясының мердігерлік және субмердігерлік ұйымдарында 8 мың жұмысшы мен маман қысқартуға ұшырайды.

Қысқартулар күніне экспортқа 1,5 миллион баррель мұнайды жіберу үшін дайындауға және тазартуға арналған құрылғы құрылысының аяқталуына байланысты болып отыр.

Атырау облысының әкімі Бергей Рысқалиевтің айтуынша, облыста арнайы комиссия құрылды, ол Қаратабанда қысқартуға ұшыраған жұмысшыларды жұмыспен қамтуды жүзеге асырады.