ОРАЛ. 13 қараша. ҚазАқпарат - Кентау қаласында каратэ-до шотаканнан жасөспірімдер, жастар және ересектер арасында ҚР кубогі сарапқа салынып, оған еліміз облыстарынан 16 команда, 304 спортшы қатысты.
Облыстық туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасынан алынған мәліметке қарағанда, облыс намысын қорғаған Оралдағы жекпе-жек спорты БЖСМ-ның тәрбиеленушілері Әлихан Ақжолов (33 келі) жасөспірімдер, Азамат Мықиев (55), Максим Кисель (63) жастар, Армат Қуанов (55), Тасым Сағат (78) ересектер арасында алтыннан алқа тақса, жастардан Райымбек Тынышқалиев (60) күміс медальді олжалады.
Осының алдында қазан айының ортасында Мәскеу қаласында өткен шығыс спорты түрлерінен халықаралық турнирде Асылбек Өтегенов (52) әзірбайжан қарсыласын, Азамат Мықиев (55) румын қарсыласын ұтып, екеуі де қола жүлдені қанағат тұтқан болатын.
Қазір аталған шотаканшылар алдағы қаңтар айының ортасында Шымкент қаласында өтетін ҚР кубогін және ел біріншілігін ұтқандар арасындағы жыл аяғындағы қорытынды жарысқа қызу дайындық үстінде. Оларды облыстың аға жаттықтырушысы, каратэ-до шотаканнан әлем чемпионы Ринат Мерғалиев баптап келеді.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).