ОРАЛ. Желтоқсанның 30-ы. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - БҚО-ның Қаратөбе ауданында бірнеше нысан пайдалануға берілді.
Аудан әкімінің орынбасары Рүстем Әлжановтың ҚазАқпарат тілшісіне хабарлағанындай, 100 орындық «Жазира» балабақшасы үшін ғимаратты күрделі жөндеуге 20 млн. теңге жұмсалып, бұл жұмысты «Қалдығайты» ЖШС (басшысы Ерболат Сәрсенғалиев) атқарды. Аудан орталығында ашылған тағы бір нысан - спорт кешені. Бұл ғимаратты 30 млн. теңгеге «Аққозыпромстрой» ЖШС (басшысы Құсайын Мұқанов) күрделі жөндеуден өткізді. Сондай-ақ 50 орындық қоғамдық моншаның бірінші кезеңі аяқталды. Бұған барлығы 24 млн. теңге қаралып отыр.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).