«Қаражанбас» су тұщыту зауыты 10 миллион текше метрге жуық өндірістік су пайдалануға берді

Фото: Мұхтар Қалимоллаұлы\Kazinform

АҚТАУ.KAZINFORM — Орталық Азия және қытайлық «Жэньминь жибао» газеті журналистері «Бір белдеу — Бір жол» тақырыбымен өткен бірлескен баспасөз туры аясында Маңғыстау обылысы «Қаражанбас» кен орнындағы ілеспе қабат суын тұшыту зауыты жұмысымен танысып қайтты.

Зауыт өкілдерінің айтуынша, Жобаның бас инвесторы Қытайдың CITIC Group мемлекеттік корпорациясының құрамына кіретін CITIC Envirotech ltd. болып табылады. Зауыт 2022 жылы 1 шілде күні сынақ режимінде іске қосылып, 2024 жылғы 27 маусым өнеркәсіптік пайдалану кезеңіне көшті.

Фото: Мұхтар Қалимоллаұлы\Kazinform

Су тұшыту зауытының бас директоры Динг Цзенің таныстыруынша, нысанның ауданы 36000 шаршы метр, өндірістік қуаты күніне 17000 текше метр. Қазіргі уақытта бұл — Қазақстандағы мұнай кен орнындағы ең ірі жоба саналады. Сонымен қатар, тазартылған су Қаражанбас кен орнының қазандықтарында бу айдау үшін пайдаланылады, бұл кен орнының Еділ суын тұтынуға тәуелділігін азайтып, Еділ өзені суының көлемін Маңғыстау облысы халқының қажеттіліктеріне пайдалануға мүмкіндік береді.

Зауыттың ауысым басшысы Бекзат Нұркенұлы журналистерге су тұшыту басрысымен таныстырды.

Фото: Мұхтар Қалимоллаұлы\Kazinform

Оның айтуынша, мұнаймен бірге өндірілетін ілеспе қабат суы жалпы төрт стаыдан өтеді. 

— Ең әуелі, біз мұнаймен суды ажыратамыз. Одан кейін судың құрамындағы ауыр қосындыларды тазартып, қажетті жеңіл микроэлементтерді жоғары көтереміз. Осыдан шыққан таза су орташа сүзгі және жұқа сүзгі басқышынан өтеді. Бұл кезеңде, судың құрамындағы барлық зиянды элементтер сүзіліп, ультра сүзгіге күш түсірмейді. Қортындысында, тазаланған техникалық су кері осмос рәсімінен өтеді, — деді ол.

Бекзат Нұркенұлының айуынша, сынақ режимінде іске қосылғаннан бастап бүгінгі күнге дейін зауытта 10 миллион текше метр су тұшытылды.

— Барлық басқыш толық автоматты алыстан басқару жүйесімен қадағаланады. Тазартылған судың сапасы және құрылғылардың жағыдайы туралы барлық информациялар орталық басқару жүйесінде көрініп тұрады. Қазіргі уақытқа дейін, 9 621 35 текше метр су тұшытылып, Қаражанбас кен орынына жіберілді, — деді ол.

Айта кетейік, Тазартылған жерасты суының барлық көлемі кен орнында техникалық мақсатта пайдаланылады.

Осыған дейін хабарлағанымыздай, Ақтауда Жаңаөзен қаласында жаңа газ өңдеу зауытын салу барысы талқыланды.