«Қазгермұнай» БК» ЖШС кезектен тыс жалпы отырысының шешімімен Қазгермұнай бас директорының бірінші орынбасары лауазымын атқарушы Кәрім Медеттің қызметі уақытынан бұрын тоқтатылды. Оның орнына бұған дейін «Қаражанбасмұнай» АҚ президенті қызметін атқарған Есен Қайыржанұлы тағайындалды.
«Қаражанбасмұнай» АҚ директорлар кеңесінің шешімімен коммерциялық мәселелер жөніндегі вице-президент Бауыржан Баймулдинов уақытша «Қаражанбасмұнай» АҚ президенті қызметін атқарады.
Есен Қайыржан 1962 жылдың 15 қарашасында дүниеге келген. «Қазгермұнай» БК» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметіне дейін «Қаражанбасмұнай» АҚ президенті, «Торғай-Петролеум» АҚ бас директоры, сондай-ақ, «Құмкөл ЛУКойл» АҚ компаниясы, «Южнефтегаз» МАҚ және Жетібай мұнай газ кен орындарында қызмет атқарды. В.Ленин атындағы қазақ политехникалық институтын, В.Горячкин атындағы Мәскеу мемлекеттік агроинженерлік университетін, «РФ Үкіметі жанындағы халық шаруашылығы академиясын» бітірді.