деп хабарлады Үкімет басшысының баспасөз қызметінен.
Кеңеске қатысушылар Азиада нысандарының құрылысы мен қайта жаңарту жұмыстарының барысын, қажетті инфрақұрылымдар тарту жұмыстарын, сондай-ақ ойындарды ұйымдастыру және оны өткізу, қоғамдық қауіпсіздік пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету, спорттық және ресми шараларды телерадиотрансляциялау мәселелерін талқылады.
Мәжілістің қорытындысы бойынша Кәрім Мәсімов мүдделі министрліктер мен ведомстволарға барлық проблемалы мәселелердің жедел шешілуін қамтамасыз етуді тапсырды.