Кәрім Мәсімов ҚР Үкіметі жанындағы Экономикалық саясат жөніндегі кеңесінің (ЭСК) отырысын өткізді

АСТАНА. 2 ақпан. ҚазАқпарат - Бүгін Үкімет үйінде Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов ҚР Үкіметі жанындағы Экономикалық саясат жөніндегі кеңес (ЭСК) отырысын өткізді, деп хабарлайды ҚР Үкіметінің баспасөз қызметі.

ЭСК мүшелері мемлекеттік қатысуы бар компанияларды қор рыногына шығару және ел тұрғындары мен жинақтау зейнетақы қорларының қаржыларын қор рыногының механизмдері арқылы ұлттық компаниялардың акционерлік капиталына тарту мәселелерін талқылады.

ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов сонымен қатар отандық кәсіпорындардың бәсекеге қабілеттілігі мен еңбек өнімділігін арттыру мәселелері бойынша жұмыс кеңесін өткізді.

Сонымен қатар, ҚР Премьер-Министрі К.Мәсімовтің төрағалығымен Қазақстан Республикасының экономикасын жаңарту мәселелері жөніндегі Мемлекеттік комиссияның отырысы болып өтті. Оның барысында «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасының «Кәсіпкерлік секторды сауықтыру» деген екінші бағыты аясындағы ұсыныстар қарастырылды.