Инженер-орманды қайта қалпына келтіруші Берекелі Жақыповтың айтуынша, Бесқарағай тәлімбағында өзгелердегі секілді қарағай тұқымдарынан жыл сайын өртенген 1000 гектар орманды қайта қалпына келтіру үшін екі жастағы көшеттер өсіріліп тұрады.
Тәлімбақтың бір тракторшысы мен 19 қызметші әйелі маусым ішінде механизмдердің көмегімен 550 гектарға ағаш егеді, қалған аумақ - қол күшімен егіледі. Жасыл кірпілерге ұқсас кішкентай қарағайлар күнде суарылып тұрады. Алдағы көктемде орманшылардың жұмыс сапасы мен тиімділігі арта түседі - тәлімбақ он жаңа ағаш отырғызу машинасына ие болады.