Кәрістердің тағамы ғарышкерлер үшін пайдалы деп танылды

АСТАНА. Ақпанның 4-і. ҚазАқпарат - Оңтүстік Кореяның білім, ғылым және технологиялар министрлігі Ресей ғылым академиясы Медициналық-биологиялық проблемалар институтының бірнеше кәріс тағамдарын ғарышкерлер тағамы ретінде мақұлдағанын мәлімдеді,

деп хабарлайды ҚазАқпарат AFP сайтына сілтеме жасап.

Институт кәріс тағамдарының үш түрін және бір сусынды мақұлдаған. Олар - пибимпап (көкөністер қосылған күріш), пулькоги (қуырылған ет), теңіз өсімідіктерінен әзірленген сорпа, сондай-ақ тұт ағашы жемісінің шырыны. Тағамдарды тестілеу олардың ас қорытуды жеңілдететінін, сондай-ақ ішекте адам үшін пайдалы микроорганизмдердің өсуіне қолайлы жағдай туындататынын көрсетті. Осылайша, Оңтүстік Корея азық-түліктері Халықаралық ғарыш стансысына жеткізілетін АҚШ пен Ресейден кейінгі үшінші ел болуы мүмкін.