Тараптар арасындағы уағдаластық туралы хабарлама қытайлық клубтың ресми сайтында пайда болды. «Шанхай Шэньхуа» командасына шабуылшы аргентиналық «Бока Хуниорстан» ауысты.
Daily Mail хабарлағандай, Қытайда Тевес аптасына £615 мың табады, бұл «Реалдан» £365 алған алдыңғы рекордшы Криштиану Роналдудың табысынан екі есеге көп.
2016 жылы Қытай чемпионатында «Шанхай» төртінші орын иеленді. Команда құрамында сенегалдық Демба Ба, нигериялық Обафеми Мартинс пен колумбиялық Фредди Гуарин бар.