Болон үдерісін дамыту жөніндегі департамент құрылып, факультеттер аясында институттар ашылмақ.
Бұл туралы Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті Ғылыми кеңесінің кеңейтілген отырысында мәлім болды.
«Жаңа 2010-211 оқу жылдарында университет алдында әлемнің алдыңғы қатарлы университеттер құрамына ену, жаңа мамандарды халықаралық аккредитациядан өткізу мен мемлекеттік аттестациядан өту сияқты стратегиялық міндеттер тұр», - деп атап өтті ҚарМТУ ректоры, ҚР Ұлттық ғылым академиясының академигі Арыстан Ғазалиев.