Қарағанды Мемлекеттік техникалық университетінің негізін қалаушы, академик Әбілқас Сағыновтың 95 жылдығына арналған мерекелік шаралар өтіп жатыр.
Бейсенбі, маусымның 24-і күні Қарқаралыда «Сағынов оқулары» атанып кеткен «Ғылым мен білім - «Қазақстан - 2030» бағдарламасының негізгі факторлары» атты дәстүрлі халықаралық конференция болады.
Кеше, маусымның 23-і күні ҚарМТУ-де Ә.Сағыновты еске алуға арналған салтанатты мерекелік шара өтті. Халықаралық конференцияға келген қазақстандық және шетелдік қонақтардың қатысуымен академик Ә. Сағыновтың ескерткіші ашылды.