Қарсы профилактикалық егу жүргізілетін аурулардың тізбесі өзгертілді

Фото: None
АСТАНА. 2 мамыр. ҚазАқпарат - ҚР Үкіметі Қарсы профилактикалық егу жүргізілетін аурулардың тізбесін, оларды жүргізу ережесін және халықтың жоспарлы егілуге жатқызылатын топтарын бекітті.

«ҚазАқпарат» құжаттың толық мәтінін ұсынады.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

2013 жылғы 12 ақпан №119 Астана, Үкімет Үйі

«Қарсы профилактикалық егу жүргізілетін аурулардың тізбесін,

оларды жүргізу ережесін және халықтың жоспарлы егілуге жатқызылатын

топтарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2295 қаулысына
өзгерістер және толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. «Қарсы профилактикалық егу жүргізілетін аурулардың тізбесін, оларды жүргізу ережесін және халықтың жоспарлы егілуге жатқызылатын топтарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2295 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 4, 45-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Профилактикалық егу жүргізу ережесіне қосымшада:

«Республикалық бюджет қаражаты есебінен қарсы егулер жүргізілетін инфекциялық аурулар» деген 1-бөлімнің кестесінде:

«Дифтерия сіреспе (АДС)» деген 7-баған, «Дифтерия (АД-М)» деген 8-баған алынып тасталсын;

1) тармақшада:

«18 ай» деген жолдың «Полиомиелит (ОПВ), (ИПВ)» деген 3-бағаны «+» деген белгімен толықтырылсын;

«6 жас (1-сынып)» деген жолдың «Көкжөтел, дифтерия, сіреспе (АКДС, АбКДС)» деген 5-бағаны «+» деген белгімен толықтырылсын;

«

12жас

+

»

деген жол алынып тасталсын.

2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі С.Ахметов.