ОРАЛ. ҚазАқпарат - Теректі ауданы Подстепный ауылында тұратын соғыс ардагері, 1927 жылы туған Николай Думчевтің бірнеше күн бұрын жоғалған медалі табылды.
БҚО Ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, майдангер өзінің бір медалі жоқ екенін 17 сәуір күні зейнетақы алуға бармақшы болып, костюмін киер кезінде байқаған. Ардагер бірден медалінің ұрланғаны жөнінде полицияға арыз түсіреді.
Оқиға орнына дереу жеткен жедел тергеу тобының шұғыл әрекетінің арқасында ұрлық жасаған күдікті сол күні-ақ анықталды.
Осылайша, Жеңіс күні қарсаңында Ұлы Отан соғысы ардагері өз наградасын қайтарып алды.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).