Өрттің салдарынан иіс тиіп уланған 82 жастағы әйел ауруханаға жеткізілді. 15 адам қауіпсіз аумаққа шығарылып, 3 адам құтқарылды, соның ішінде 2 бала бар.
Сондай-ақ, СҚО-ның Тайыншы ауданында таңсәріде екіотбасылық тұрғын үйдің пәтерінен өрт шықты. Жалын 45 минуттан кейін сөндірілді. Өрт аумағы 15 шаршы метрді құрады. Оны сөндіру барысында 77 жастағы ер адамның мәйіті табылды.