«Көлік инфрақұрылымын дамыту жобаларының қарыздарын бірнеше рет ұзарту жұмыс құнының қымбаттап, қарызға қызмет көрсетуге арналған қосымша төлемдерге әкеп соғады. Талап етілмеген қарыз сомасын резервтегені үшін 1,6 млрд теңге төленді», - деп жазылған палата мәліметінде.
Палата мамандары осы айтылғандарға нақты мысал келтіреді.
«Оңтүстік-Батыс автмобиль жолын дамыту бағытында «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық транзиттік дәлізіне тартылған 2 млрд 125 млн доллар қарыздың мерзімі төрт рет ұзартылды. Қарызды игеру кезеңі 4 жылдан бастап 15 жыл 4 айға дейін ұзартылды (2025 жылғы 30 сәуірге дейін).
Шығыс-Батыс а/ж дамыту жобасы бойынша (Алматы-Қорғас учаскесі: Батыс Еуропа-Батыс Қытай халықаралық транзиттік дәлізі) 1 млрд 068 млн доллар қарызды қолдану мерзімі 4 жылдан (2017 жылдың маусымына дейін) 10 жыл 10 айға дейін (2024 жылдың 30 сәуіріне дейін) екі рет ұзартылды.
«Ақтөбе-Мақат» автомобиль жолын реконструкциялау жобасы бойынша 240,3 млн доллар қарыздың қолдану мерзімі 2021 жылғы желтоқсаннан 2023 жылғы желтоқсанға дейін ұзартылды», - делінген құжатта.