Бұл жайлы Ұлттық банк төрағасы Григорий Марченконың бүгін Алматыда өткізген баспасөз мәслихаты кезінде мәлім болды.
2010 жылы айналыстағы Қаржы министрлігінің мемлекеттік бағалы қағаздары мен Ұлттық банктің қысқа мерзімді ноталарының көлемі дисконтталған баға бойынша 2569,0 миллиард теңге болды.
Қаржы министрлігі былтыр 659,9 миллиард теңгеге мемлекеттік бағалы қағаздарды орналастырды. Бұл алдыңғы жылмен салыстырғанда 6,8 пайызға аз.
Бас банкирдің айтуынша, 2010 жылы Қаржы министрлігінің мемлекеттік бағалы қағаздарын орналастыру бойынша 52 аукцион болды. Соның нәтижесінде Қаржы министрлігінің айналыстағы бағалы қағаздарының көлемі 29,6 пайызға ұлғайды. Ұлттық банктің қысқа мерзімді ноталарының эмиссия көлемі былтыр 3298,8 миллиард теңгені құрады. Бұл 2009 жылмен салыстырғанда 2,3 есе көп. Айналыстағы ноталардың көлемі желтоқсанның аяғында алдыңғы жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 1,9 есе ұлғайды. ноталар бойынша тиімді кірістілік 2009 жылғы 3,24 пайыздан 2010 жылы 1,38 пайызға азайды.