Ол 2013 жылдың 24 сәуір мен 3 мамыр аралығында бопсалау арқылы тұтынушы кооперативі директорынан облыстың аудандарында 3 емхана мен 1 мектеп құрылысының жобалық-сметалық құжаттамасын әзірлеу бойынша мемлекеттік сатып алу конкурсында жеңімпаз атану үшін 6 млн.теңге пара алды деп күдіктелуде.
Қазіргі уақытта бұлтартпау шарасын тағайындау мәселесі шешілуде, деп хабарлады Қаржы полициясы агенттігінің баспасөз қызметі.