12:58, 19 Наурыз 2009
Қаржы полициясы елорданың Құрылыс департаментінің бұрынғы директорын ұстады
АСТАНА. Наурыздың 19-ы. ҚазАқпарат – ҚР Экномикалық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес (қаржы полициясы) агенттігі ағымдағы жылғы наурыздың 18-інде елорданың Құрылыс департаментінің бұрынғы директоры А.Нұрмағамбетовты мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде лауазымдық қызметін асыра пайдаланған деген күдікпен ұстады.
Қазіргі уақытта ол Астана қаласының уақытша ұстау оқшаулағышында отыр. Бұл жөнінде ҚазАқпаратқа ҚР Экномикалық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес (қаржы полициясы) агенттігінің баспасөз қызметі хабарлады. Осы қылмыстық іс бойынша толыққанды ақпарат А.Нұрмағамбетовке ресми айып тағылғаннан кейін берілетін болады.