Қаржы полициясы «Kazakhgold group limited» акционерлеріне қатысты қылмыстық іс қозғады

АСТАНА. Шілденің 28-і. ҚазАқпарат /Марлан Жиембай/ - Еліміздің Қаржы полициясы «Kazakhgold group limited» акционерлеріне қатысты қылмыстық іс қозғады. Бұл туралы ҚР Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің ресми өкілі Мұрат Жұманбай хабарлады.

«Ағымдағы жылғы шілденің 14-інде агенттік «Қазақалтын» акционерлеріне қатысты алаяқтық жолмен аталған кәсіпорынның Қанат Асаубаев пен оның ұлдары Айдар мен Бауыржан Асаубаевтарға тиесілі сомасы 187 миллион АҚШ долларына бағаланатын бақылаушы акция топтамасын иелену фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады», деді Қаржы полициясының ресми өкілі.

Аталған қылмыстық іс бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатқанын атап өткен ол «тергеу мүддесіне байланысты басқа ақпараттар берілмейді», деді.