«Оған ЖШС өкілінен қызмет көрсету келісімшартына отыру үшін 3 млн. теңге көлемінде пара алды деген күдік тағылуда. Осы күні Сейітовке қатысты бопсалау жолымен ірі көлемде пара алу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды», - делінген хабарламада.
Қылмыстық іс тергелуде, Сейітовке қатысты бұлтартпау шарасын қолдану мәселесі шешілуде.