Қаржы полициясы Су ресурстары комитетінің төрағасын қамауға алды

АСТАНА. Наурыздың 19-ы. ҚазАқпарат - Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі агенттік мемлекеттік сатып алулар бойынша тендер өткізу кезінде лауазымдық өкілеттігін асыра пайдаланды деген күдікпен кеше, наурыздың 18-і күні Ауыл шаруашылығы министрлігі Су ресурстары комитетінің төрағасы Анатолий Рябцевті тұтқындады.

ҚазАқпаратқа бұл туралы агенттіктің баспасөз қызметінен хабарлады. Анатолий Рябцев Астана қаласындағы уақытша оқшаулау абақтысына жабылды. Бұл факті бойынша толыққанды ақпарат А.Рябцевке ресми айып тағылғаннан кейін беріледі.