Бұл туралы агенттік тілшісіне сұхбат берген «Экономикалық даму институты» АҚ президентінің міндетін атқарушы Жәмила Бопиева айтты.
Оның атап өтуінше, банктердің сыртқы қарыздарының 11 миллиард АҚШ долларына қысқаруын ерекше айтуға болады. «Бұл қайтарылатын капиталдың қысқаруы - біздің еліміздің сауда балансына айтарлықтай әсер ететін көрсеткіш», - дейді ол.
«Толықтай алғанда бұл көрсеткіш, яғни қаржы жүйесінің сауығуы кәсіпорындарды несиелеуді арттыруға және экономикаға ұзақ мерзімді қаржы тартуға әсер етеді. Сонымен қатар халықтың қаржы жүйесіне сенімі арта түседі», - дейді ол.