атап айтқанда басқарма бастығының орынбасары, бөлім бастығы және инспекцияның бас маманы ауыр сыбайлас жемқорлық жасады деп айыпталып отыр. Бұл туралы облыстық прокуратурадан хабарлады.
Тексеру барысында анықталғандай, қаржы инспекторлары Ақтоғай ауданының бизнес кәсіпорындарының жұмысындағы кейбір заңбұзушылықтарға көз жұма қараған, бірақ белгілі бір ақы үшін. Кәсіпорын басшыларынан пара алған әлгі үшеуді қаржы полициясы бұлтартпас айғақпен ұстады.
Облыстық прокуратура сыбайлас жемқорлықтары үшін ұсталған лауазымды тұлғаларды айыптау туралы қылмыстық істі Павлодар қаласының №2 сотына жолдады.