Қаржылық қылмыстар мемлекетке 27,6 млн. теңге зиян келтірді - ОҚО қаржы полициясы

ШЫМКЕНТ. Тамыздың 7-сі. ҚазАқпарат /Татьяна Пылаева/ - Жыл басынан бері Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша экономикалық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаменті қаржылық қылмысқа байланысты 45 қылмыстық іс қозғады. Бұл жөнінде ҚазАқпарат тілшісіне департаменттің баспасөз хатшысы Жұпар Мамытова хабарлады.

Мемлекетке келтірген зиян 27,6 млн. теңгені құрады. Оның ішінде 22,6 млн. теңге қайтарылды, 3,8 млн. теңге соманың мүлкіне тыйым салынды. Баспасөз қызметі 9 қылмысты «Қазпошта» қызметкерлері жасағанын хабарлады.