деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Әрбір мемлекетте микрокредиттік ұйымдардың атқаратын қызметі әртүрлі - кедей мемлекеттерде бұндай ұйым кедейлікпен күреседі, дамушы мемлекеттерде кредиттік ресурстарға қолжетімділікті қамтамасыз ету шаралары жүзеге асады. Сондықтан да, Қазақстанда микрокредиттік ұйымдар арқылы шағын және орта бизнес үшін кредиттік ресурстардың қолжетімділігін қамтамасыз ету қажет. Банктер шағын және орта кәсіпкерліктің қызмет ауқымын толық қамти алмай отырғандықтан микрокредиттік ұйымдардың бұндай қызметін заң арқылы шектеуге болмайды», деді Ш. Жүсіпов.
Сонымен бірге, ол «қаржылық пирамидалар» әрекетіне тоқтала келе, бұның алдын алуда жұртшылықтың қаржылық сауатын арттыру қажеттігіне тоқталды.