еуро бойынша Т 1 есептерімен АҚШ долларымен (EURUSD_TOM), еуро бойынша Т 2 есептерімен теңгемен (EURKZT_SPT) бойынша KASE-нің кешкі сауда сессиясы аяқталды. 21 ақпан АҚШ-та мерекелік күн болғандықтан (Джордж Вашингтонның туған күні), USDKZT_SPT мен EURUSD_SPT валюталық своп операциялары бойынша бүгін KASE-де сауда жүргізілген жоқ.
Саудаға KASE-нің 14 мүшесі қатысты, деп хабарлады биржаның баспасөз қызметі.
Т 1 теңге есебімен АҚШ долларының орташа бағамы 146,26 теңгені, ал сауда көлемі 13 500 мың АҚШ долларын құрады.
Т 2 теңге есебімен АҚШ долларының орташа бағамы 146,35 теңгені, ал сауда көлемі 30 000 мың АҚШ долларын құрады.
Т 2 есептерімен еуро бойынша теңгемен және АҚШ долларымен сауда жасалмады. Сессияның жабылуында KASE сауда жүйесінде баға белгіленімі болған жоқ.