Бүгінгі саудаға KASE-нің 9 мүшесі қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат қор биржасына сілтеме жасап.
Т 1 есебімен АҚШ долларының орташа бағамы 1 доллар үшін 149,69 теңгені құрап, сессия көлемі 22 000 мың АҚШ доллары болды.
Т 2 есебімен АҚШ доллары бойынша, сауда жасалмады. Сұраныс пен ұсыныс болған жоқ.
Т 1 есептері бойынша еуромен де мәміле жасалмады, сұраныс пен ұсыныс болған жоқ.
REUTERS ақпараттық жүйесінде биржадан тыс валюта нарығындағы доллардың индикативтік баға белгіленімі Алматы уақыты бойынша сағат 17:00-де 1 доллар үшін 148,66/148,71 теңгені құрады.