Бүгінгі саудаға KASE-нің 5 мүшесі қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат қор биржасына сілтеме жасап.
АҚШ-та мерекелі күн болуымен байланысты қор биржасында Т 1 есебімен АҚШ доллары бойынша сауда-саттық өткізілген жоқ.
Т 2 есебімен АҚШ доллары бойынша, орташа бағам валютаның 1 бірлігіне 148,86 теңгені құрап, сауда көлемі 51 000 доллар болды.
Т 1 есептері бойынша еуромен мәміле жасалмады, сұраныс пен ұсыныс болған жоқ.
REUTERS ақпараттық жүйесінде биржадан тыс валюта нарығындағы доллардың индикативтік баға белгіленімі Алматы уақыты бойынша сағат 17:00-де 1 доллар үшін 148,84/148,94 теңгені құрады.