Саудаға спот-нарықта KASE-нің «Валюталық нарық мүшесі» санатындағы 12 мүшесі қатысты, деп хабарлайды биржаның баспасөз қызметінен.
АҚШ долларының Т 1 есебімен теңгемен орташа бағамы бір доллар үшін 150,66 теңгені, сауда көлемі - 38 700 мың АҚШ доллары болды.
АҚШ долларының Т 2 есебімен теңгемен орташа бағамы бір доллар үшін 150,67 теңгені, сауда көлемі - 12 000 мың АҚШ долларын құрады.
Еуро бойынша Т 1 есебімен теңгемен және АҚШ долларымен мәмілелер жасалған жоқ, сессияның жабылуында жабылуында KASE сауда жүйесінде баға белгіленімі болған жоқ.
Еуро бойынша Т 2 есебімен теңгемен және АҚШ долларымен мәмілелер жасалған жоқ, сессияның жабылуында KASE сауда жүйесінде баға белгіленімі болған жоқ.