Бүгін KASE-де USDKZT_TOM және EURUSD_TOM бойынша сауда АҚШ-та 12 қараша - Ардагерлер күні мерекесіне байланысты өткізілмеді. Саудаға спот-нарықта KASE-нің «Валюталық нарық мүшесі» санатындағы 13 мүшесі қатысты, деп хабарлайды биржаның баспасөз қызметінен.
Еуро бойынша Т 1 есебімен теңгемен мәмілелер жасалған жоқ. Сессияның жабылуында KASE сауда жүйесінде баға белгіленімі болған жоқ.
АҚШ доллары бойынша Т 2 есебімен теңгемен орташа бағамы 1 доллар үшін 150,81 теңгені, сауда көлемі 22 200 мың АҚШ долларын құрады.
Еуро бойынша Т 2 есебімен теңгемен және АҚШ долларымен мәмілелер жасалған жоқ, сессияның жабылуында KASE сауда жүйесінде баға белгіленімі болған жоқ.