KASE кешкі сессиясының қорытындысы: АҚШ доллары - 153,91 теңгені құрады

АЛМАТЫ. 27 желтоқсан. ҚазАқпарат - Қазақстан қор биржасында (KASE) АҚШ доллары бойынша Т+2 есебімен теңгемен (USDKZT_ SPT), еуро бойынша Т+2 есебімен теңгемен, (EURKZT_ SPT), еуро бойынша Т+2 есебімен АҚШ долларымен (EURUSD_ SPT) кешкі сауда сессиясы өтті.

USDKZT_TOM, EURKZT_TOM және EURUSD_TOM бойынша Қазақстанда демалыс күні 28 желтоқсандағы сенбі күнінен 2014 жылғы 3 қаңтарға, жұма күніне ауыстырылуына байланысты сауда бүгін KASE-де өткізілген жоқ.

Саудаға спот-нарықта KASE-нің «Валюталық нарық мүшесі» санатындағы 13 мүшесі, қатысты, деп хабарлайды биржаның баспасөз қызметі.

Т 2 есебімен теңгеде АҚШ долларының орташа бағамы 1 АҚШ доллары үшін 153,91 теңгені, сауда көлемі - 34 200 мың АҚШ долларын құрады.

Еуро бойынша Т 2 есебімен теңгемен және АҚШ долларымен мәмілелер жасалған жоқ, сессияның жабылуында KASE сауда жүйесінде баға белгіленімі болған жоқ.