KASE күндізгі сессиясы: АҚШ доллары 334,68 теңге

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Қазақстан қор биржасында (KASE) шетел валюталарымен күндізгі сауда-саттық сессиясы аяқталды.

Спот-нарығындағы сауда-саттықтың қорытындысы бойынша:

- есептесуі Т+0 теңгемен (USDKZT_TOD) АҚШ доллары бойынша   орташа сараланған бағамы 334,68 теңгені құрады, сауда-саттық көлемі   57 700 мың АҚШ долларын құрады;

- есептесуі Т+1 және Т+2 теңгемен АҚШ доллары бойынша мәмілелер   жасалған жоқ, сессия жабылар сәтте KASE сауда-саттық жүйесінде  баға белгілеулер тіркелген жоқ;

- есептесуі Т+0, Т+1 және Т+2 еуромен АҚШ доллары бойынша   мәмілелер жасалған жоқ, сессия жабылар сәтте KASE сауда-саттық   жүйесінде баға белгілеулер тіркелген жоқ;

- есептесуі Т+0 теңгемен Ресей рублінің (RUBKZT_TOD) орташа   сараланған бағамы бір Ресей рубліне 5,0655  теңгені құрады, сауда-  саттық көлемі 74 500 мың рубль болды.

Таңертеңгілік және күндізгі сессияның қорытындысы бойынша АҚШ долларының орташа сараланған бағамы бір долларға 334,59 теңгені

(+2,08) құрады, сауда-саттықтың жиынтық көлемі - 158 700 мың USD (-11 750 мың).

Валюталық своп операциялары нарығында:

- USDKZT_0_001 орташа сараланған бағам +0,4100 теңге (жылдық   14,83 %), сауда-саттық көлемі 121 000 мың USD құрады;

- USDKZT_0_002 бойынша орташа сараланған бағам +0,5500 теңге   (жылдық 14,01 %), сауда-саттық көлемі 25 700 теңгені құрады;

- EURKZT_0_001 және EURKZT_0_002 бойынша мәмілелер жасалған   жоқ, KASE сауда-саттық жүйесінде баға белгілеулер тіркелген жоқ.

Сауда-саттыққа 26 банк қатысты.