KASE күндізгі сессиясы: АҚШ долларының құны 345,54 теңге

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан қор биржасында (KASE) шетел валюталарымен күндізгі сауда-саттық сессиясы аяқталды. Бүгін қазақстан қор биржасында 8 наурыз Қазақстанда мейрам (Халықаралық әйелдер күні) болуына байланысты, демалыс күнін сенбі, 05 наурыздан дүйсенді 07 наурызға ауыстыруына байланысты және 05-08 наурыз ресейде демалыс күндері болғандықтан, USDKZT_SPT, EURKZT_SPT, EURUSD_SPT, USDKZT_0_002 және EURKZT_0_002 құралдарымен сауда-саттық жүргізілген жоқ.

Спот-нарығындағы сауда-саттықтың қорытындысы бойынша: есептесуі Т+0 теңгемен АҚШ доллары бойынша (USDKZT_TOD) орташа сараланған бағамы 345,54 теңгені құрады, сауда-саттық көлемі 46 400 мың АҚШ доллары; есептесуі Т+1 н АҚШ доллары бойынша (USDKZT_TOM) мәмілелер жасалған жоқ, сессия жабылар сәтте KASE сауда-саттық жүйесінде баға белгілеулер тіркелген жоқ; есептесуі Т+0, Т+1 және T+2 АҚШ долларымен еуро бойынша мәмілелер жасалған жоқ, сессия жабылар сәтте KASE сауда-саттық жүйесінде баға белгілеулер тіркелген жоқ; есептесуі Т+0 теңгемен Ресей рублінің (RUBKZT_TOD) орташа сараланған бағамы бір Ресей рубліне 4,6916 теңгені құрады, сауда-саттық көлемі 50 000 мың рубль болды.

Таңертеңгілік және күндізгі сессияның қорытындысы бойынша АҚШ долларының орташа сараланған бағамы бір долларға 345,65 теңгені(-0,91) құрады, сауда-саттықтың жиынтық көлемі - 98 250 мың USD (-40 350 мың).

Валюталық своп операциялары нарығында: USDKZT_0_001 орташа сараланған бағам +0,1500 тенге (жылдық (жылдық 15,32 %), сауда-саттық көлемі 222 500 мың USD құрады; EURKZT_0_001 және EURKZT_0_002 бойынша мәмілелер жасалған жоқ, сессия жабылар сәтте KASE сауда-саттық жүйесінде баға белгілеулер тіркелген жоқ.

Сауда-саттыққа 27 банк қатысты.