KASE күндізгі сессиясының қорытындысы: АҚШ доллары - 146,09/146,13 теңгені, рубль - 5,1861 теңгені құрады

АЛМАТЫ. 18 шілде. ҚазАқпарат - Қазақстан қор биржасында (KASE) АҚШ доллары бойынша Т+0 есебімен теңгемен (USDKZT_TOD), еуро бойынша Т+0 есебімен теңгемен,

(EURKZT_TOD), еуро бойынша Т 0 есебімен АҚШ долларымен (EURUSD_TOD), валюталық своп операцияларымен (USDKZT_0_001, USDKZT_00_02, EURKZT_0_002, EURKZT_0_001) күндізгі сауда сессиясы өтті.

USDKZT_TOD, EURKZT_TOD және EURUSD_TOD үшін бұл сессия қосымша болды. Бүгін саудаға спот-нарықта KASE-нің «Валюталық нарық мүшесі» санатындағы 21 мүшесі, своп-нарықта - 7 мүшесі қатысты, деп хабарлайды биржаның баспасөз қызметі.

АҚШ долларының спот-нарығында соңғы мәміле 1 доллар үшін 146,10 теңге бағамында жасалды, сауда көлемі 70 250 мың АҚШ доллары болды. Сессияның жабылуындағы үздік баға белгіленімі - 1 доллар үшін 146,09/146,13 теңге болды.

Еуро спот-нарықта:

- Т 0 есептерімен еуромен теңге бойынша мәміле жасалған жоқ. Сессия жабылар кезде KASE сауда жүйесінде баға белгіленімі болған жоқ.

- Т 0 есептерімен еуро бойынша АҚШ долларымен мәмілелер жасалған жоқ, сессия жабылар кезде KASE сауда жүйесінде баға белгіленімі болған жоқ.

- Сауда жабылар кезде Т 0 есептерімен Ресей рублінің бағамы 5,1861 теңгені, сауда көлемі 800 мың рубльді құрады.

Валюталық своп операциялары нарығында:

- USDKZT_0_001 бойынша орташа бағамы -0,01 теңгені, сауда көлемі 17 000 АҚШ долларын құрады.

- USDKZT_0_002 бойынша орташа бағамы 0,00 теңгені, сауда көлемі 50 000 АҚШ долларын құрады.

- EURKZT_0_001 бойынша мәмілелер жасалған жоқ, сессияның жабылуында KASE сауда жүйесінде баға белгіленімі болған жоқ.

- EURKZT_0_002 бойынша мәмілелер жасалған жоқ, сессияның жабылуында KASE сауда жүйесінде баға белгіленімі болған жоқ.