KASE күндізгі сессиясының қорытындысы: АҚШ доллары - 148,37/148,42 теңге, рубль - 4,8937 теңгені құрады

АЛМАТЫ. 27 қаңтар. ҚазАқпарат - Қазақстан қор биржасында (KASE) АҚШ доллары бойынша Т+0 есебімен теңгемен (USDKZT_TOD), еуро бойынша Т+0 есебімен теңгемен, (EURKZT_TOD),

еуро бойынша Т 0 есебімен АҚШ долларымен (EURUSD_TOD), Ресей рублі бойынша Т 0 есебімен теңгемен (RUBKZT_TOD),   валюталық своп операцияларымен (USDKZT_0_001, USDKZT_0_002, EURKZT_0_001, EURKZT_0_002) күндізгі сауда сессиясы өтті.

USDKZT_TOD, EURKZT_TOD и EURUSD_TOD  үшін бұл сессия қосымша болды. Жұма күні саудаға спот-нарықта KASE-нің «Валюталық нарық мүшесі» санатындағы 21 мүшесі, своп нарықта - 12 мүшесі қатысты, деп хабарлайды биржаның баспасөз қызметі.

АҚШ долларының спот-нарығында соңғы мәміле 1 доллар үшін 148,41 теңге, сауда көлемі 72 800 мың АҚШ доллары болды. Сессияның жабылуындағы үздік баға белгіленімі - 1 доллар үшін 148,37/148,42 теңгені құрады. 

Еуро спот-нарықта:

 - Т 0  есептерімен  еуро бойынша  мәмілелер жасалған жоқ,  сессия жабылар кезде KASE сауда жүйесінде баға белгіленімі болған жоқ.

- Т 0  есептерімен  еуро және АҚШ доллары бойынша мәмілелер жасалған жоқ,  сессия жабылар кезде KASE сауда жүйесінде баға белгіленімі болған жоқ.