KASE күндізгі сессиясының қорытындысы: АҚШ доллары - 148,85/148,86 теңгені, еуро - 186,70 теңгені, рубль - 4,7051 теңгені құрады

АЛМАТЫ. 23 тамыз. ҚазАқпарат - Қазақстан қор биржасында (KASE) АҚШ доллары бойынша Т+0 есебімен теңгемен (USDKZT_TOD), еуро бойынша Т+0 есебімен теңгемен (EURKZT_TOD),

еуро бойынша Т 0 есебімен АҚШ долларымен (EURUSD_TOD), Ресей рублі бойынша Т 0 есебімен теңгемен (RUBKZT_TOD),   валюталық своп операцияларымен (USDKZT_0_001, USDKZT_0_002, EURKZT_0_001, EURKZT_0_002) күндізгі сауда сессиясы өтті.

USDKZT_TOD, EURKZT_TOD и EURUSD_TOD  үшін бұл сессия қосымша болды. Бейсенбі күні саудаға спот-нарықта KASE-нің «Валюталық нарық мүшесі» санатындағы 21 мүшесі, своп нарықта - 10 мүшесі қатысты, деп хабарлайды биржаның баспасөз қызметінен.

АҚШ долларының спот-нарығында соңғы мәміле 1 доллар үшін 148,87 теңге, сауда көлемі 382 250 мың АҚШ доллары болды. Сессияның жабылуындағы үздік баға белгіленімі - 1 доллар үшін 148,85/148,86 теңгені құрады.

Еуро спот-нарықта: еуро бойынша  Т 0  есептерімен  теңгемен орташа бағамы бір еуро үшін 186,70 теңгені, сауда көлемі 4 000 мың еуроны құрады;  еуро бойынша  Т 0  есептерімен  АҚШ долларымен мәмілелер жасалған жоқ,  сессия жабылар кезде KASE сауда жүйесінде баға белгіленімі болған жоқ;

Ресей рублінің T 0 есептерімен теңгемен орташа баға белгіленімі бір рубль үшін 4,7051 теңге, сауда көлемі 21 000 мың рубль болды.

Валюталық своп операциялары нарығында: USDKZT_0_001 бойынша орташа бағамы 0,05 теңгені, сауда көлемі - 78 000 мың АҚШ долларын құрады; USDKZT_0_002 бойынша орташа бағамы 0,16 теңгені,  сауда көлемі 160 000  мың АҚШ долларын  құрады; EURKZT_0_001 бойынша мәмілелер жасалған жоқ, сессияның жабылуында KASE сауда жүйесінде баға белгіленімі болған жоқ; EURKZT_0_002 бойынша мәмілелер жасалған жоқ, сессияның жабылуында KASE сауда жүйесінде баға белгіленімі болған жоқ.