(EURUSD_TOD), Ресей рублі бойынша Т 0 есебімен теңгемен (RUBKZT_TOD), валюталық своп операцияларымен (USDKZT_0_001, USDKZT_0_002, EURKZT_0_001, EURKZT_0_002) күндізгі сауда сессиясы өтті.
USDKZT_TOD, EURKZT_TOD и EURUSD_TOD үшін бұл сессия қосымша болды. Бейсенбі күні саудаға спот-нарықта KASE-нің «Валюталық нарық мүшесі» санатындағы 21 мүшесі, своп нарықта - 4 мүшесі қатысты, деп хабарлайды биржаның баспасөз қызметінен.
АҚШ долларының спот-нарығында соңғы мәміле 1 доллар үшін 149,07 теңге, сауда көлемі 129 000 мың АҚШ доллары болды. Сессияның жабылуындағы үздік баға белгіленімі - 1 доллар үшін 149,05/149,07 теңгені құрады.
Еуро спот-нарықта:
- еуро бойынша Т 0 есептерімен теңгемен мәмілелер жасалған жоқ, сессия жабылар кезде KASE сауда жүйесінде баға белгіленімі болған жоқ;
- еуро бойынша Т 0 есептерімен АҚШ долларымен мәмілелер жасалған жоқ, сессия жабылар кезде KASE сауда жүйесінде баға белгіленімі болған жоқ;
- Ресей рублінің T 0 есептерімен теңгемен орташа баға белгіленімі бір рубль үшін 4,5478 теңге, сауда көлемі 10 000 мың рубль болды.
Валюталық своп операциялары нарығында:
- USDKZT_0_001 бойынша орташа бағамы 0,00 теңгені, сауда көлемі 26 500 мың АҚШ долларын құрады;
- USDKZT_0_002 бойынша орташа бағамы 0,02 теңгені, сауда көлемі 88 000 мың АҚШ долларын құрады;
- EURKZT_0_001 бойынша мәмілелер жасалған жоқ, сессияның жабылуында KASE сауда жүйесінде баға белгіленімі болған жоқ;
- EURKZT_0_002 бойынша мәмілелер жасалған жоқ, сессияның жабылуында KASE сауда жүйесінде баға белгіленімі болған жоқ.