KASE күндізгі сессиясының қорытындысы: АҚШ доллары - 150,58/150,61 теңгені, рубль - 4,9240 теңгені құрады

АЛМАТЫ. 13 желтоқсан. ҚазАқпарат - Қазақстан қор биржасында (KASE) АҚШ доллары бойынша Т+0 есебімен теңгемен (USDKZT_TOD), еуро бойынша Т+0 есебімен теңгемен (EURKZT_TOD), еуро бойынша Т+0 есебімен АҚШ долларымен (EURUSD_TOD), Ресей рублі бойынша Т+0 есебімен теңгемен (RUBKZT_TOD), валюталық своп операцияларымен (USDKZT_0_001, USDKZT_0_002, EURKZT_0_001, EURKZT_0_002) күндізгі сауда сессиясы өтті.

USDKZT_TOD, EURKZT_TOD және EURUSD_TOD үшін бұл сессия қосымша болды. Бүгін саудаға спот-нарықта KASE-нің «Валюталық нарық мүшесі» санатындағы 21 мүшесі, своп нарықта - 8 мүшесі қатысты, деп хабарлайды биржаның баспасөз қызметінен.

АҚШ долларының спот-нарығында соңғы мәміле 1 доллар үшін 150,60 теңге болды. Сессияның жабылуындағы үздік баға белгіленімі - 1 доллар үшін 150,58/150,61 теңгені құрады.

Еуро еуро бойынша  Т 0  есептерімен  теңгемен мәмілелер жасалған жоқ,  сессия жабылар кезде KASE сауда жүйесінде баға белгіленімі болған жоқ; еуро бойынша  Т 0  есептерімен  АҚШ долларымен мәмілелер жасалған жоқ,  сессия жабылар кезде KASE сауда жүйесінде баға белгіленімі болған жоқ;

Ресей рублінің T 0 есептерімен теңгемен орташа баға белгіленімі бір рубль үшін 4,9240 теңгені құрады.

Валюталық своп операциялары нарығында: USDKZT_0_001 бойынша орташа бағамы 0,01 теңгені құрады; USDKZT_0_002 бойынша орташа бағамы 0,05 теңгені құрады; EURKZT_0_001 бойынша мәмілелер жасалған жоқ, сессияның жабылуында KASE сауда жүйесінде баға белгіленімі болған жоқ; EURKZT_0_002 бойынша мәмілелер жасалған жоқ, сессияның жабылуында KASE сауда жүйесінде баға белгіленімі болған жоқ.