Бүгін KASE-де USDKZT_0_001 бойынша валюталық своп операциялары АҚШ-та 12 қараша - Ардагерлер күні меркесіне байланысты жүргізілмеді. Саудаға спот-нарықта KASE-нің «Валюталық нарық мүшесі» санатындағы 20 мүшесі, своп нарықта 12 мүшесі қатысты, деп хабарлайды биржаның баспасөз қызметінен.
АҚШ долларының спот-нарығында соңғы мәміле 1 доллар үшін 150,80 теңгені, сауда көлемі 85 500 мың АҚШ доллары болды. Сессияның жабылуындағы үздік баға белгіленімі - 1 доллар үшін 150,79/150,80 теңгені құрады.
Еуро спот-нарықта: еуро бойынша Т 0 есептерімен теңгемен мәмілелер жасалған жоқ, сессия жабылар кезде KASE сауда жүйесінде баға белгіленімі болған жоқ; еуро бойынша Т 0 есептерімен АҚШ долларымен мәмілелер жасалған жоқ, сессия жабылар кезде KASE сауда жүйесінде баға белгіленімі болған жоқ;
Ресей рублінің T 0 есептерімен теңгемен орташа баға белгіленімі бір рубль үшін 4,7955 теңгені, сауда көлемі 5 500 мың АҚШ долларын құрады.
Валюталық своп операциялары нарығында: USDKZT_0_002 бойынша орташа бағамы 0,02 теңгені, сауда көлемі 161 500 мың АҚШ долларын құрады; EURKZT_0_001 бойынша мәмілелер жасалған жоқ, сессияның жабылуында KASE сауда жүйесінде баға белгіленімі болған жоқ; EURKZT_0_002 бойынша мәмілелер жасалған жоқ, сессияның жабылуында KASE сауда жүйесінде баға белгіленімі болған жоқ.