KASE күндізгі сессиясының қорытындысы: АҚШ доллары - 150,92/151,93, рубль - 4,9885 теңгені құрады

АЛМАТЫ. 14 қаңтар. ҚазАқпарат - Қазақстан қор биржасында (KASE) АҚШ доллары бойынша Т+0 есебімен теңгемен (USDKZT_TOD), еуро бойынша Т+0 есебімен теңгемен (EURKZT_TOD), еуро бойынша Т+0 есебімен АҚШ долларымен (EURUSD_TOD), Ресей рублі бойынша Т+0 есебімен теңгемен (RUBKZT_TOD), валюталық своп операцияларымен (USDKZT_0_001, USDKZT_0_002, EURKZT_0_001, EURKZT_0_002) күндізгі сауда сессиясы өтті.

USDKZT_TOD, EURKZT_TOD және EURUSD_TOD үшін бұл сессия қосымша болды. Бүгін саудаға спот-нарықта KASE-нің «Валюталық нарық мүшесі» санатындағы 21 мүшесі, своп нарықта - 9 мүшесі қатысты, деп хабарлайды биржаның баспасөз қызметінен.

АҚШ долларының спот-нарығында соңғы мәміле 1 доллар үшін 150,92 теңге, сауда көлемі 81 400 мың АҚШ доллары болды. Сессияның жабылуындағы үздік баға белгіленімі - 1 доллар үшін 150,92/150,93 теңгені құрады.

Еуро еуро бойынша Т 0 есептерімен теңгемен орташа бағамы бір еуро үшін 198,05 теңгені, сауда көлемі - 200 мың еуроны құрады; еуро бойынша Т 0 есептерімен АҚШ долларымен мәмілелер жасалған жоқ, сессия жабылар кезде KASE сауда жүйесінде баға белгіленімі болған жоқ;

Валюталық своп операциялары нарығында: USDKZT_0_001 бойынша орташа бағамы 0,00 теңгені, сауда көлемі 50 000 мың АҚШ долларын құрады; USDKZT_0_002 бойынша орташа бағамы 0,00 теңгені, сауда көлемі 86 800 мың АҚШ долларын құрады; EURKZT_0_001 бойынша мәмілелер жасалған жоқ, сессияның жабылуында KASE сауда жүйесінде баға белгіленімі болған жоқ; EURKZT_0_002 бойынша мәмілелер жасалған жоқ, сессияның жабылуында KASE сауда жүйесінде баға белгіленімі болған жоқ.