KASE күндізгі сессиясының қорытындысы: доллар - 147,50/147,51 теңге, рубль - 4,7457 теңге

АЛМАТЫ. Шілденің 7-сі. ҚазАқпарат - Қазақстан қор биржасында (KASE) АҚШ доллары бойынша Т+0 есебімен теңгемен (USDKZT_TOD), еуро бойынша Т+0 есебімен теңгемен, (EURKZT_TOD), еуро бойынша Т+0 есебімен АҚШ долларымен (EURUSD_TOD), Ресей рублі бойынша Т+0 есебімен теңгемен (RUBKZT_TOD), валюталық своп операцияларымен (USDKZT_0_001, USDKZT_0_002, EURKZT_0_001, EURKZT_0_002) күндізгі сауда сессиясы өтті.

USDKZT_TOD, EURKZT_TOD және EURUSD_TOD үшін бұл сессия қосымша болды. Бүгін саудаға спот-нарықта KASE-нің «В» санатындағы 19 мүшесі, своп-нарықта - 7 мүшесі қатысты, деп хабарлайды биржаның баспасөз қызметі.

АҚШ долларының спот-нарығында соңғы мәміле 1 доллар үшін 147,51 теңге бағамында жасалды, сауда көлемі 162 200 мың АҚШ доллары болды. Сессияның жабылуындағы үздік баға белгіленімі 1 доллар үшін 147,50/147,51 теңге.

Спот-нарықта:

- Т 0 есептерімен теңгемен еуро бойынша мәмілелер жасалмады, сессияның жабылуында баға белгіленімі болған жоқ.

- Т 0 есептерімен АҚШ долларында еуро бойынша мәмілелер жасалмады, сессияның жабылуында баға белгіленімі болған жоқ.

Т 0 есептерімен теңгеге шаққанда Ресей рублінің орташа бағамы Ресейдің 1 рублі үшін 4,7457 теңге, сауда көлемі 11 700 мың рубль болды.

Валюталық своп операциялары нарығында:

- USDKZT_0_001 орташа бағам 0,00 теңге, сауда көлемі 157 000 мың USD; сессия жабылуында сұраныс бағасы 0,00 теңге, ұсыныс -0,01 теңгені құрады.

- USDKZT_0_002 орташа бағам 0,00 теңге сауда көлемі 149 000 мың USD болды.

- EURKZT_0_001 бойынша мәмілелер жасалған жоқ, сессияның жабылуында KASE сауда жүйесінде баға белгіленімі болған жоқ,

- EURKZT_0_002 бойынша мәмілелер жасалған жоқ, сессияның жабылуында KASE сауда жүйесінде баға белгіленімі болған жоқ.