USDKZT_TOD, EURKZT_TOD және EURUSD_TOD үшін бұл сессия қосымша болды. Бүгін саудаға спот-нарықта KASE-нің «В» санатындағы 21 мүшесі, своп-нарықта - 6 мүшесі қатысты, деп хабарлайды биржаның баспасөз қызметі.
АҚШ долларының спот-нарығында соңғы мәміле 1 доллар үшін 147,88 теңге бағамында жасалды, сауда көлемі 36 800 мың АҚШ доллары болды. Сессияның жабылуындағы үздік баға белгіленімі 1 доллар үшін 147,84/147,88 теңге.
Спот-нарықта:
Т 0 есептерімен еуро бойынша мәмілелер жасалмады, сессияның жабылуында сұраныс бір еро үшін 203 теңге, ұсыныс - 204,50 теңге болды.
- Т 0 есептерімен АҚШ долларында еуро бойынша мәмілелер жасалмады, сессияның жабылуында баға белгіленімі болған жоқ.
Т 0 есептерімен теңгеге шаққанда Ресей рублінің орташа бағамы Ресейдің 1 рублі үшін 4,9280 теңге, сауда көлемі 1 800 мың рубль болды.
Валюталық своп операциялары нарығында:
- USDKZT_0_001 орташа бағам 0,00 теңге, сауда көлемі 53 000 мың доллар; сессия жабылуында сұраныс бағасы 0,01 теңге, ұсыныс -0,01 теңгені құрады.
- USDKZT_0_002 орташа бағам 0,00 теңге сауда көлемі 50 000 мың USD болды.
- EURKZT_0_001 бойынша мәмілелер жасалған жоқ, сессияның жабылуында KASE сауда жүйесінде баға белгіленімі болған жоқ,
- EURKZT_0_002 бойынша мәмілелер жасалған жоқ, сессияның жабылуында KASE сауда жүйесінде баға белгіленімі болған жоқ.